Жаңалық

2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

 

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым Наурыздың мәні мен маңызы туралы:

“Наурыз – бұл тек халықтық мереке ғана емес, бұл – жаңару мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының символы. Біз бұл мейрамды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етуге бар күшімізді саламыз”, — деп атап өтті.

Биыл Наурыз мерекесі он күнге созылатын ерекше марафон форматында өтеді. Әр күннің өзіндік тақырыбы мен мазмұны бар.

Жалпы өңірде 368 мерекелік іс-шара жоспарланған, олар барлық аудандарда өтеді.

Мерекенің негізгі тойланатын үш басты орны анықталды:

Орталық алаң – мұнда 25 қазақы киіз үй тігіліп, қонақтар ұлттық салт-дәстүрлермен таныса алады. Келушілерге қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ал басты сахнада Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

Қонаев көшесі – бұл алаңда қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

Б. Соқпақбаев атындағы қалалық парк – мұнда қазақша күрес, асық ату, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындар өтеді. Сондай-ақ, қонақтар үшін арнайы фотозоналар, аниматорлар мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.

2025 жылғы Наурыздың басты оқиғалары:

Қыдыр ата бейнесіндегі театрландырылған көрініс, тазарту рәсімдері және дәстүрлі наурызкөже тарату.
100 домбырашы қазақ күй өнерінің майталманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арнап күй орындайды.
Қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті және жастарға арналған Open Air ашық аспан астындағы мерекелік шара.

Related Posts

Жаңалық

В Алматинской области произошло землетрясение

22:28, 23 ноября 2025 В Алматинской области 23 ноября зафиксировано землетрясение магнитудой 3,7, сообщает Zakon.kz. Об этом сообщили в Казахстанском центре данных. По оперативной информации, толчки произошли 23 ноября в 18:12 по
Жаңалық

Жительница Талгара стала «пленницей» кольца

22:08, 30 ноября 2025 В Талгаре Алматинской области женщина обратилась за помощью к спасателям, так как не могла самостоятельно снять кольцо с опухшего пальца, сообщает Zakon.kz. Спасатели оперативно прибыли на
Жаңалық

Алматы облысында жақ-бет хирургтері МӘМС есебінен бет остеосинтезі отасын жүргізді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді. Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын
Жаңалық

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау