Жаңалық

2023 жылы Алматы облысында туберкулездің сырқаттанушылық көрсеткіші 8,3%-ға өскен

Бұл туралы өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламова айтты.

Спикердің айтуынша, Алматы облысында өткен жылы туберкулездің сырқаттанушылық көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өскен.

Аймақта аурудың таралуын болдырмау үшін маман, вакцина мен нәрестелерге салынатын БЦЖ екпесін уақытылы салуды айрықша атап өтті. Сондай-ақ, жылына бір рет жүргізілетін флюрография зерттеуінен өтіп тұру қажет екенін айтты.

Өңірімізде сырқаттанушылық көрсеткіші Балқаш, Іле аудандарында жоғары. Былтырғы жылдың қортындысы бойынша балалар арасында туберкулез 1,6 есеге өсті.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша есепте 657 адам тіркеліп, оның ішінде 506 адам амбулаториялық, 151 адам стационарлық ем қабылдауда. Ал, туберкулездің ауыр түріне шалдыққандар саны -283.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 8 GENE Xpert аппараты жұмыс істейді. Құрылғылар Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Ұйғыр аудандары мен  Қонаев қаласының орталық ауруханаларында орнатылған. 2023 жылы молекулалық-генетикалық әдістермен 4246 адамнан зерттеу сынамалары алынып, нәтижесінде  375-де туберкулез сырқаттанушылығы анықталды.

Сәулет Баймұхаметқызы, 2 аптадан астам жөтел, салмақ жоғалту, тершеңдік, кеудедегі ауырсыну, қан түкіру , жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене температураның көтерілуі сынды белгілер тубурклезге тән белгілер екенін айтты.

«Туберкулездің алдын алуға және емдеуге болады. Уақытылы диагноз қою, туберкулезбен күресте маңызды. Сырқаттанушылық белгілер пайда болғанда бірден тексерілуіңізді сұраймыз»,-дейді Сәулет Қапсаламова.

Сөз соңында ол  бірқатар ұсыныстар берді. Айтуынша, туберкулезбен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Сонымен қатар, жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтау қажет.

Related Posts

Жаңалық

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы
Жаңалық

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Жаңалық

Архивтегі революция: Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия
Жаңалық

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі - Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері - ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем