Жаңалық

Қазақстанда былтыр 150-ге тарта адам донор кезегі жетпей көз жұмды

Қазақстан ағзаларды трансплантациялау бойынша жоғары технологиялық оталарды жүргізу үшін заманауи инфрақұрылымға ие. Отандық мамандар жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе трансплантациясын жоғары деңгейде жүргізеді және трансплантация нәтижелері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, бірақ донорлық ағзалардың тапшылығы тежеуші фактор болып табылады.

Жыл сайын елде ағзаларды трансплантациялауға мұқтаж емделушілер саны артып келеді. Қазіргі уақытта донорлық ағзаларды трансплантациялауды күту парағында 4 мыңға жуық адам тұр, оның ішінде 100-ден астам бала.

«Күту парағында тұрған ағзаға мұқтаж жандардың әрбіріне шұғыл түрде ағза ауыстыру қажет. Жыл басынан бері 150-ге тарта адам дүние салуына байланысты кезектен шығып қалды. Олардың барлығы ағза жетіспеушілігінен қайтыс болы деуге болмас. Басқа себептермен о дүниелік болғандар бар. Дегенмен, басым көпшілігі ағза жетіспеушілігінен көз жұмып отыр. Мәселен, былтыр күту парағында тұрған 341 адам өмірден өтті. Күніне бір адам. Ал, Америкада күніне 22 адам қайтыс болу себебінен күту парағынан шығып қалады. Әр 10 минут сайын ақпараттық базаға 1 адам енгізіледі. Олардың күту парағында 120 мың адам тұр деген мәліметтер бар. Пандемия бұл салаға да зиянын тигізді. Жасалатын операциялар саны екі есе азайды. Жер жүзінде ота саны 30 пайызға, кейбір ағзалар бойынша 40 пайызға төмендеді», — деді Алматы облысы бойынша өңірлік транспланттау үйлестірушісі  Ақерке Тоеке.

Қай елде болса да донор табу оңай жұмыс емес. Трансплант-үйлестірушілер биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша 27 ықтимал донор тапты. Оның 18-і бас тартса, 33 пайызында келісім берді. Кейін 2 донор ғана жарамды болып саналды. Барлығы 8 ағза, яғни бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе алынып, түбінде 7 ағза ғана операцияға қолданылды. Кез келген адам донор бола алмайды. Оның түрлі себептері бар. Ағза да жай таңдалмайды. Үйлесімділік керек. Оның жаңа адамға салғаннан кейін қайтадан жұмыс істеп кету мүмкіндіктерін қарастырылады.

«Исламдағы өлімнен кейінгі донорлық: Діни қағидаттар және өмірді құтқару» тақырыбында ҚМДБ діни сараптама бөлімінің  бірқатар меңгерушілері имамадар өз ойларымен  бөлісіп ,халыққа дұрыс жағынан түсіндіріп, ислам әлемінің ғалымдары трансплантация мен өлімнен кейінгі донорлықты адамдарды емдеудің рұқсат етілген әдісі екениін айтты.

Ағза ауыстыру – медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылады. Яғни, Қазақстанның барлық азаматтарына трансплантацияға байланысты оталар тегін жасалады. Ақерке Тұрсынбайқызының айтуынша, өткен жылға дейін бүйрек ауыстыруға 3 млн теңге жұмсалатын. Бауыр ауыстыруға 6 млн теңге бөлінеді. Жүрек пен өкпе ауыстыру операциясы 15-20 млн теңге аралығында бағаланады. Яғни бұл сақтандыру қорынан медициналық ұйымдарға аударылатын сома. Ал шет мемлекеттерде мұндай қызметтер әлдеқайда қымбат. Мәселен, Белорусияда төленетін ақы доллармен саналады. Бүйрек 67 мың, бауыр 125 мың, жүрек 110, өкпе ауыстыру 95 мың доллар. Қазақтандағы қаржыға қарағанда 10 есе көп. Біз өзімізде трансплантация саласын, ағза донорлығын дамыту міндеті тұр. Бұл жайында «Стамбул» декларациясында да айтылған. Біз ешкімге тәуелді болмауымыз кемрек. Трансплант туризм деген бар. Яғни бай мемлекеттің адамдары кедей мемлекеттің азаматтарының ағзасын пайдаланады. Біз бұғын тосқауыл болуымыз керек. Бұл мәселе де жоғарыда аталған декларацияда да ұсыныс ретінде жазылған. Бұл бағыта жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Соның барлығын жақын арада өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

 

Алматы облысы бойынша өңірлік транспланттау үйлестірушісі Тоеке Ақерке Тұрсынбайқызы

Related Posts

Жаңалық

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі - Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері - ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем
Жаңалық

Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл

Ақша қаражаттарын тиімді жұмсауды және сақталуын қамтамасыз ететін қаржылық органның жұмысы туралы Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Ермек Кыдыралиев баяндады. Спикердің айтуынша, қазынашылық жүйе Қазақстанның қаржылық жүйесінің басты
Жаңалық

Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

  Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан
Жаңалық

Алматы облысы Мемлекеттік рәміздер күнін жоғары деңгейде атап өтті

Шара әнұранның шырқалуы мен мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуі мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақжарма тілегімен басталды. «Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде