Без рубрики

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым айынан бері тоқтап тұр. 600 орынға арналған білім ошағының іргетасы 2021 жылы басталған.

«612 бала қазір 60 жыл бұрын салынған мектепте оқып жатыр. Кабинет жетіспейді. Жаттығу залында спортпен шұғылдануға мүмкіндік жоқ. Ата-аналар мен ұстаздардың арманы жаңа мектепке көшу. Жаңа мектептің тезірек ашылуына жан-жақты қолдау көрсетсе екен», – дейді Төле би орта мектебінің директоры Қази Искаков.

Осы мәселені жалғаған «AMANAT» партиясының өкілдері аталмыш нысан партияның жіті бақылауында екенін айтты.

«Мектеп құрылысына 1 млрд 489 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Бас мердігер соның өзі жетпей қалғанын айтады. Өйткені жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Сондықтан құрылыстың тұралап қалғанын жасырмайды. Бұл жұмысты партия мүшелері бақылауда ұстамақ», – облыстық партия филиалы төрағасы Қуат Байғоджаев.

Аманаттықтар алдағы уақытта білім және құрылыс басқармаларын фракция отырысында тыңдап, қатаң шара қолдану керектігін айтты.

Сонымен қатар, бұл нысанды Мәжіліс депутаты, партияның бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев республика көлемінде көтермек.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады. Спикердің айтуынша ,
Без рубрики

Біздің балуандар әлемдік рейтингте көш бастады

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады. Біріккен күрес әлемі қауымдастығы тарапынан әлемдік рейтинг жаңартылды. Рейтинг спортшылардың әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейінгі нәтижесі бойынша жасалды.
Без рубрики

«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Без рубрики

1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Алғаш рет заманауи форматтағв студенттер қатарына қабылдау кеші ашық алаңда тойланды.Алаңда
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *