Медицина

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жатады.

Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-туры сәуір айында 230га жүргізілді. 2-туры маусым айынан бастап, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында 164 га жүргізілді. Өңдеу жұмыстары ауа райының болжамына байланысты 21 маусымға дейін жалғасады.

Кене энцефалиті – флавивирус Flavivirus туыстастығының  вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру. Вирус адамдарға, жабайы және үй жануарларына,  соның ішінде сиыр мен ешкі сияқты жануарларға таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырудың алдын алу үшін кене энцефалитіне қарсы егу ұсынылады.

«2023 жылы және осы жылдың бес айында облыста кене энцефалиті ауруының жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, масалардың шағуы арқылы басқа безгек сияқты инфекцияларды жұқтыру мүмкіндігі бар. Облыс бойынша Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150 га көлемде  анофелогенді су айдындары бар.  Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150 га көлемге өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 96га өңдеу жұмыстары жүргізілді және жұмыс жалғасуда. Масалардың шағуынан қорғау үшін жәндіктерге қарсы құралдарды (аэрозольдер, жақпа) үнемі пайдалану ұсынылады», — деп бөлісті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Shares:

Related Posts

Медицина

Иммундаудың маңыздылығы немесе баланы не себепті ектіру қажет?

Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасы – бұл профилактикалық егулер жүргізу арқылы инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау, шектеу және жою мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар жүйесі. Халық арасында профилактикалық егуден бас тарту мәселесі жиі көтеріледі.
News

Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің
Жетісу облысы

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін
Медицина

Жатырішілік инфекциялар

Жатырішілік инфекциялар – ұрықтың және жаңа туған нәрестенің инфекциялық-қабыну патологияларының тобы, әртүрлі қоздырғыштар тудырады және ұрықтың дамуы және босану кезеңінде ұрықтың инфекциясы салдарынан дамиды. Жатырішілік инфекциялар ұрықтың жатырішілік дамуының кешеуілдеуіне,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *