Жаңалық

Жетісу облысында екпеден бас тартқан балалар жаппай қызылша жұқтырып жатыр

Жетісу облысында қызылша әсіресе вакцина алмаған балалар арасында көп тіркеліп жатыр.

Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының дерегінше, жыл басынан бері қызылшаның 255 жағдайы тіркелген, оның 186-да сырқат зертханалық жағдайда расталды.

14 жасқа дейінгі балалар — 155 (83,3%), 15-19 жас — 4 (2,2%), 20 жастан жоғары — 27 (14,5%).

Мәселен, ауырғандардың 87,6 пайызы — вакцинациядан өтпеген балалар.

«Инкубациялық кезең 7-21 күн аралығына созылады, жұқпа көзі — науқас адам. Ауру ауа-тамшы жолдары арқылы науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде беріледі. Ауру өте жұқпалы, яғни бұрын сырқаттанбаған адамға қызылшамен ауыратын науқаспен қарым-қатынас жасағанда сырқаттану қаупі өте жоғары (егілмеген жағдайда). Вирус ауада 2 сағатқа дейін белсенді және жұқпалы болып қалады», — деді Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Чарапиев.

Спикер қызылша жұқпасы мен аурудың асқынуының алдын алудың тиімді жолы вакцинация екенін еске салды.

«Инфекцияға қарсы ең қол жетімді және тиімді шара вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады», — деді маман.

Айта кетейік, қызылша — ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын жіті вирустың инфекция.

Source link

Related Posts

Жаңалық

Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді

Жетісу облысының зейнеткерлері тегін заңгерлік кеңес алды. Мұндай мүмкіндікті оларға Жетісу облысының Нотариаттық палатасының өкілдері ұсынды. Игі акция Талдықорған қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Оның қатысушылары өз сұрақтарын
Жаңалық

Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

  Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баяндады. Оның айтуынша, басты мақсат – өңір тұрғындарының санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар
Жаңалық

ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 358 млрд теңгеден астам сомаға аванстық төлем жасады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді орналастыру рәсімін аяқтады. Оның қорытындысы бойынша өнім жеткізушілер арасында 2,4 трлн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша