Жаңалық

Медет Бекбенгенов: «Тәуелсіздік – жастардың болашаққа сенімінің негізі»

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай жастардың белсенділігімен бірқатар ерекше шаралар өтті

Осыған орай «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбенгенов мерекенің маңыздылығы туралы пікір білдірді.

«Тәуелсіздік – бұл тек тарихи күн ғана емес, біздің ұлт болып қалыптасуымыздың белгісі. Жастар үшін бұл мереке – еркіндік пен шексіз мүмкіндіктер дәуірінің символы. Алматы облысының жастары әрдайым осы құндылықтарды бағалай отырып, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді», – деді Медет Бекбенгенов.

Мереке қарсаңында облыс жастары патриоттық шараларға белсенді қатысып, қоғамдық орындарда азаматтарды құттықтау акцияларын ұйымдастырды.

«Биылғы Тәуелсіздік күні ерекше атмосферада өтіп жатыр. Біз әлеуметтік желілерде патриоттық посттар жариялап, полиция, коммуналдық қызмет және қоғамдық көлік жүргізушілері секілді түрлі мамандық иелеріне алғысымызды білдірдік. Осындай кішігірім істер арқылы біз мерекенің рухын сезінеміз», – деп атап өтті ол.

Белсенді жастар Қонаев қаласында «Кел, шәй ішейік» атты ерекше акция өткізді. Аязды күні қала көшелерін қардан тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынылды.

«Мақсатымыз – осындай суық күндері таңғы төрттен тұрып, қаламызды таза ұстау үшін еңбектеніп жүрген адамдарға ризашылығымызды білдіру. Бұл еңбек күнделікті өмірде елеусіз қалып жатады. Біз оларды қолдап, оларға аз да болса жылулық сыйлауды жөн көрдік», – деді Медет Бекбенгенов.

Сонымен қатар, халық көп жиналатын орындарда Мемлекеттік гимн шырқалып, тұрғындар арасында ерекше эмоциялар тудырды.

«Мемлекеттік гимнді орындау – патриотизмнің айқын көрінісі. Жастарымыз бұл шараға үлкен ықыласпен қатысып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндай іс-шаралар біздің бірлігімізді көрсетіп, Тәуелсіздікке деген құрметімізді айшықтайды», – деді ол.

Ол жастардың болашаққа деген сенімі мен ұмтылысы Тәуелсіздіктің басты құндылықтарын сақтауға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

«Біздің облыстың жастары – белсенді, патриот және жаңашыл. Олар әрбір іс-шарада өздерінің креативтілігін көрсетіп, қоғамға пайда әкелуді басты міндет санайды. Біз бұл қасиеттерді мақтан тұтамыз», – деп түйіндеді ол.

Алматы облысында ұйымдастырылған патриоттық шаралар мерекенің мәнін арттырып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тәуелсіздік – бұл барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы және жарқын болашаққа деген сенімнің кепілі.

Related Posts

Жаңалық

Біздің балуандар әлемдік рейтингте көш бастады

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады. Біріккен күрес әлемі қауымдастығы тарапынан әлемдік рейтинг жаңартылды. Рейтинг спортшылардың әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейінгі нәтижесі бойынша жасалды.
Жаңалық

Алматы облысында азық-түлік арзандады

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде
Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850
Жаңалық

Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

  Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері өңірдегі цифрландыру жобалары мен Alatau Hub аймақтық технопаркінің маңызы туралы баяндады. Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің