Жетісу облысыӨңірлер

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді.
Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытта облыста 34 280 мал иесі осы қосымшаны белсенді пайдалануда.
Ветеринарлық қызметтің маңызды бағыттарының бірі – мал сою орындарындағы санитарлық талаптарды қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда облыста 29 мал сою пункті жұмыс істейді, онда 36 мыңға жуық мал сойылды. Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы облыс бойынша 15 мыңнан астам ит пен мысық ауланған.
Ветеринарлық қауіпсіздікке ерекше назар аударылуда. Санитарлық жағдайды жақсарту аясында мал қорымдары мен скотомогильниктер жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, биологиялық қалдықтарды жою үшін жаңа инсинераторлар сатып алынды. Бұл шаралар аурулардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Related Posts

Жетісу облысы

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің
Жетісу облысы

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар
Жетісу облысы

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады. Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс
Жетісу облысы

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық