ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісуда мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілді

Жаңа жыл мерекелері кезінде Жетісу облысы аумағында 6 өрт оқиғасы, 1 улы газбен улану жағдайы және 1 авариялық-құтқару операциясы тіркелді. Құтқару операциясы барысында 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мухметов пен Жетісу облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Қалдыбек Төлеұлы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында хабарлады.
ТЖД-нің азаматтық қорғау майорының айтуынша, Талдықорған қаласында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жеке тұрғын үйде өрт шығып, үйдің құрылымы құлап түскен. Оқиға нәтижесінде 7 адам, оның ішінде 3 бала зардап шеккен. Өкінішке қарай, екі адам ауруханада көз жұмды.
Ескелді ауданында улы газбен улану оқиғасы тіркелді. Жеке тұрғын үйде ақаулы пештің салдарынан әйел адам ауыр улану алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Сондай-ақ, қар құрсауында қалған кезде құтқарушылар 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен шамамен 200 техника жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пиротехникалық заттарды қауіпсіз пайдалану бойынша бақылау күшейтілді. Рейдтер барысында 2 682 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 898-і жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын
Жаңалықтар

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда
Жетісу облысы

Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *