ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісуда ана мен бала денсаулығын жақсарту басты назарда

Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика, генетикалық зерттеу жүргізуді бастау жоспарлануда. Ол хромосомалық ауытқуларды және басқа тұқым қуалайтын бұзылуларды анықтау үшін қолданылады.
Сарқан қаласында 16 қаңтар күні үш жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Онда Алакөл, Ақсу және Сарқан аудандарының балалары оңалтудан өтеді. Мұнда дамудың ерте кезеңдерінде балаларды кешенді оңалту жүргізілетін болады.
Бұл орталықта нейро ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебральды сал ауруы бар балаларды оңалтудың үздік әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілетін болады. Бөлімшеде механотерапия, мантессори, ЕДШ, тұз, шунгит шахталары, эммерсиялық ванна, корвит, сенсорлық бөлме, иппотерапия, психолог, логопед және массажист кабинеті қызметтері көрсетіледі. Дәл осындай оңалту орталығы жыл соңында Талдықорған қаласында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған облыстық балалар ауруханасының базасында ашылады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда шинкиокушинкай каратэдан әлем және Азия чемпионы Мерей Суюнов өз таңдауын жасады

Еліміздің айбынын әлемдік додаларда танытып жүрген даңқты жерлесіміз Мерей Суюнов қаламыздағы Талдықорған сервис және технология колледжінде орналасқан №390 дауыс беру учаскесіне келіп, кемел келешек үшін дауыс берді. «Бүгін мен үшін
Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік
News

Жаркенттік Жақыбаевтар әулеті дауыс берді

Мәуелі бәйтеректей жайқалған Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы № 326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп
News

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *