ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жаңа жыл қарсаңында 196 жетісулық дүниеге келді

Жаңа жылдың басталуымен облыс бойынша 1-7  қаңтар аралығында 196 бала өмірге келді. Оның төртеуі егіз. Оның ішінде 98 ұл және 98 қыз бала. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.

Жалпы мереке күндері жедел жәрдемге барлығы 16 159 өтініш тіркелді.  Түскен қоңыраулар бойынша балаларға шақыртулар, ЖРВИ, жедел ішек инфекциясы секілді дерттер тіркеліп, қызмет көрсетілді.

Ал аудандық деңгейдегі стационарларда 419  балалар медициналық көмекке жүгіндіі. Облыстық инфекциялық және балалар ауруханасында 265 бала ем қабылдап жатыр. Стационарлық науқастардың ішінде емдеу бұл негізінен тыныс алу — вирустық аурулары бар және олардың асқынулары бар балалар бронхит, пневмония және ішек синдромы.