Жетісу облысыӨңірлер

100-ден аса аударым жасағандарға айыппұл салынады ма?

Жетісу облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев әлеуметтік желіде таралған резонанстық сұраққа нақты жауап берді.
Жеке шоттарға әр түрлі тұлғадан 100 және одан да көп мобильді аударымдар алатын тұлғалар ғана бақылауға жатады. Сондай-ақ жеке кәсіпке ретінде тіркелмеген немесе кірістерін жасырған жандар айыппұл арқалайды.
Лимиттен өтіп, межелі аударымнан асып кетсеңіз – департаментке келіп аударымдарды кәсіпкерлік мақсатта жасамағаныңызды дәлелдеп берсеңіз, атыңызға айыппұл жазылмайды.
Әр түрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне аударымдар тексерілмейтінін ескеру маңызды.
Салық органдары бұл шараны көлеңкелі кәсіпкерлік қызметті анықтауға арналғанын айтады.
Тағы да атап өтетін жайт, осыған дейін 3 кезеңі жүргізілген жалпыға бірдей декларациялаудың 4-ші кезеңі де басталды. Биылғы жылы барлық жеке тұлғалар кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудан өтеді.
2025 жылы Жетісу облысында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 550-ге  жуық  азамат декларация тапсырады, оның ішінде:
193 мың адам кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті (270.00-нысан);
355 мың адам алғаш рет «кіру» декларациясын тапсырады (250.00-нысан).
Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Асхат Әбілмажинов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ел тұрғындары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері техникалық және құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып  egov порталы, е-Salyq «Azamat» мобильді қосымшасы, «салық төлеушінің кабинеті» арқылы — сауатты кеңес беруде.
Shares:

Related Posts

News

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
News

Ескелді ауданында мәдениет саласының өкілдері дауыс берді

Республикалық референдумда ауданның мәдениет саласының өкілдері өз таңдауларын жасады. Олар Қоңыр ауылындағы №124 және Қаратал ауылындағы №105 дауыс беру учаскелерінде дауыс берді. «Біз мәдениет саласында жүрсекте бүгінгі референдумға қатысып дауыс
Жаңалықтар

Текелі қаласы белсенді дамуын жалғастыруда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Текелі қаласының жұмыс нәтижелері жарияланып, негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар талқыланды. Текелі қаласының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 26,2 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 12,3 млрд теңге
News

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *