Жаңалықтар

Д.Қонаев туған күні: қонаевтық 80 отбасы баспаналы болды

 

Алдымен барша жұрт Д.Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейіннен Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткерін еске алу кеші өтті.

Шараға қала әкімі Асхат Бердіханов қатысып, Д.Қонаевтың өр тұлғалы азамат болғаны жайында маңызды деректерге тоқталды.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі, дәл осы күні, 1912 жылдың 12 қаңтарында қаламызға есімі берілген еліміздің даңқты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев дүние есігін ашты. Қонаев атамыз ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала салынды. Ол Іле өзенінің бойына бөген салдырып, жаңа су электр стансасының бой көтеруіне, осы маңда жаңа Қапшағай қаласының іргетасы қалануына еңбек сіңірді», — деді Асхат Бердіханов.

Содан кейін әлеуметтік осал топтағы отбасыларға және кезекте тұрған азаматтарға 80 пәтердің кілті табыс етілді.

Шағын концерттік бағдарламадан соң, шаһар басшысы бүгін баспаналы болған екі отбасының үйіне барып, құттықтап шықты.

«Өзім көпбалалы анамын, 7 балам бар. Үй кезегінде 17 жылдан бері тұрғанмын. Бүгін атамыздың туған күнінде жақсы жаңалық болып, үйге қолымыз жетті. Қуаныштымын! Әлеуметтік осал топтағыларды, көпбалалы аналарды, жетімдер мен ардагерлерді қолдап жүрген мемлекеттік қызметкерлерге алғысым шексіз», – деді үй иесі Назым Ахметова.

Айта кетейік, пәтерлер жекешелендіру құқығынсыз жалға берілді. Жалға алу құны — қолжетімді. Былтыр Қонаевта 85 отбасыға пәтер кілті табысталған болатын.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы
Жаңалықтар

«TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам  адам қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізудің Жол картасы негізінде ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Наурыз айының 15-ші жұлдызынан бастап, облыс аумағында «TazaLike» сенбілігі өтіп, 25 мыңнан астам адам қатысты. Бұл
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *