Жетісу облысында жыл басынан бері проактивті түрде 237 төлем тағайындалды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған негіздер бойынша әлеуетті мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу құқығын растайтын мәліметтер түскен жағдайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі мобильді азаматтар базасына тіркелген ұялы байланыс нөмірінің бар болуына сұрау жолдайды.
Проактивті қызмет қалай жұмыс істейді?
1.Жүйе азаматтың қызметке құқығын мемлекеттік органдардың деректер базасы арқылы растайды.
2.Азаматтың мобильді нөміріне қызмет туралы ақпарат және келісім алу үшін SMS жіберіледі.
3.Келісім алынғаннан кейін электронды өтініш тіркеледі.
4.Қызмет нәтижелері, оның ішінде төлем сомасы, өтініш берушінің нөміріне SMS арқылы жіберіледі.
Осылайша, азаматтардың мобильдік базасында тіркелуі қызметтерді кезексіз ақпараттық жүйе арқылы тиісті органдарға жүгінбей-ақ, мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға мүмкіндік береді.
2024 жылы Департамент 16 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 38 396 қызмет көрсетті. Оның ішінде 11 түрлі төлем бойынша 8 447 төлем проактивті түрде тағайындалды. Жыл басынан проактивті нысанда 237 төлем тағайындалды.
Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *