ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында көші-қон саласында заңбұзушылықтар саны артты

2024 жылы Жетісу облысының аумағында «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы 27 815 шетелдік тіркелді. Уақытша тұруға рұқсат алған 10 257 шетелдіктің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Жетісу облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков баяндады.
Облыста көші-қон заңнамасының бұзылуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6 282 азамат тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Оның ішінде 2 594-і шетелдіктер болса, 3 688-і Қазақстан азаматтары.
Шетелдік азаматтар арасында ең жиі кездескен заңбұзушылықтар:
• Қазақстанда тіркеусіз немесе құжатсыз тұру (201 шетелдік);
• Көші-қон заңнамасын бұзу (2 366 шетелдік);
• Шекара режимін бұзу (26 шетелдік).
Жыл басынан бері шетелдіктерге қатысты 3 қылмыс тіркелді, оның ішінде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтудің екі фактісі және заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың бір жағдайы бар.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 36,3 млн теңгеге айыппұл салынды. Барлық айыппұл толық өндірілді. Сонымен қатар сот шешімімен 148 шетелдік елден шығарылды. Олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.
Одан бөлек, Ескелді ауданында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастыруға әрекеттенген Молдова азаматтары ұсталды. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жетісу облысының көші-қон қызметі заңбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жалғастыруда.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Заңнамадағы өзгерістер: отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және вейптарға тыйым салу

Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Заңнамадағы елеулі өзгерістер туралы талқыланды. Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды
Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова
Жетісу облысы

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *