Жаңалықтар

Кеген ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау мәселесі шешімін тапты

Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларғаинватакси сыйлады

Бұған дейін ата-аналар «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен аудан әкімінің кездесуінде өз өтініштерін жеткізгенеді. Олар балаларды мектепке, медициналық мекемелерге және басқа да маңызды орындарға апару қиын екенін айтты.

«Біз балаларымызды тасымалдау үшін әрдайым көлікіздеуге мәжбүр болдық. Такси жүргізушілері қоларбасын алудан бас тартатын, қоғамдық көліктермүлде ыңғайсыз. Сондықтан бұл мәселені аудан әкімінің қабылдауында көтердік. Қысқа уақыт ішінде нақты шешім шыққанына қуаныштымыз», – дейді ата-аналардың бірі.

Қабылдауда көтерілген бұл мәселе «AMANAT» партиясының Кеген аудандық филиалы арқылы облыстық деңгейде қаралды. Нәтижесінде, аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы жабдықталған инватакси бөлінді.

«Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, нақты шешім шығаруға күш салдық. Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, шешімін табуға күш салдық. Арнайы инватакси бөлініп, ерекше қажеттілігі бар балалардың күнделікті жүріп-тұруы жеңілдеді. Енді олар қажетті мекемелерге еш қиындықсыз жете алады», – деді партияның аудандық филиал төрағасы Тұрсынбай Әлімбай.


Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған инватакси енді ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдануына мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың сапалы білім алуына, медициналық қызметтерге уақытылы қол жеткізуіне және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жол ашады.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріхалық пен билік арасындағы тікелей диалог алаңы. Мұнда азаматтар өз мәселелерін көтеріп қана қоймай, оның нақты шешілуіне тікелей ықпал ете алады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында 11 жастағы қыздарға ВПЧ-ға қарсы тегін вакцинация басталды

2024 жылдың күзінде елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы тегін вакцинациялау басталды. Бұл бастаманың маңызы, ВПЧ-ның таралу жолдары мен қауіптері туралы Alatau24.kz тілшісіне Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық
Жаңалықтар

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «E-zhetysu QR» жүйесі қосылды

Талдықорған қаласында білім беру саласындағы ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында «E-zhetysu QR» жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта жоба Жетісу облысының барлық аумағында кеңейтілетін болады. Бұл жүйе білім
Жаңалықтар

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *