Жетісу облысыҚұқық

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000 мыңға жуық жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар анықталды

18-21 ақпан аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 64 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 10 жайтты анықтады.

Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін 182, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 114 әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 44 дерек анықталды.

Атап өтейік, Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыра отырып, қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Shares:

Related Posts

News

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өз таңдауын жасады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №389 референдум учаскесінде дауыс берді.  - Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда
Жаңалықтар

20 мемлекеттік қызметшінің құқығы қайта қалпына келтірілді

2024 жылы Жетісу облысы бойынша мемлекеттік органдармен 7 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл ретте 70%-ы жергілікті атқарушы органдарымен, 30%-ы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен көрсетілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері
Жетісу облысы

Талдықорған қаласы Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған
News

Достық дәмі: ұлттық тағамдар фестивалі Талдықорғандық NIS – те өтті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Достық дәмі» ұлттық тағамдар фестивалі өтті, онда мектеп командалары дәстүрлі ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды. Қазақтың құрты және бешбармағы, каравай, орыс құймақтары, татар халқының бәліші және
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *