ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды.

Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі.

Инспекция заңсыз балық аулау деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды су ресурстарын қорғау жөніндегі белгіленген нормаларды сақтауға шақырады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Еңбегі еленген марапат

Жетісу облысының Қаратал өзенінде болған оқиға жаздың жайма шуақ күнінде тіркелген. Патрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ағыны қатты өзенге түсіп, суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Жаужүректілігінің
Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауысын берді. Мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалғанды жөн көрмеген жас жігіт,
Жетісу облысы

Қаратал ауданында газдандыру бойынша 58 % жұмыс көлемі орындалды

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы мәлімдеді. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы ауданның 39
Жетісу облысы

ҚАБАНБАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *