ЖаңалықтарЖетісу облысы

«Жаңа ғасыр» театры Жетісу төрінде!

Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театры 25-28 ақпан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа ғасыр» театрының директоры Асанәлі Әшімұлы мәлімдеді.

Гастроль аясында театр ұжымы көрермендерге бірнеше көркем спектакльдерді сахналайды. Атап айтсақ, театрсүйерқауым Б.Беделханның «Тағдыр тақтасы», Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау», «Алматы махаббатым» спектакльдерін тамашалай алады. Және Р.Томанның «Сегіз әйел» детективті қойылымының премьерасын ұсынады.

Әрбір қойылым өзіне тән мазмұны мен актерлердің шеберлігімен ерекшеленеді.

Гастрольдік сапардың басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы Жетісу тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Алматы қаласының мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісуда ана мен бала денсаулығын жақсарту басты назарда

Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика, генетикалық зерттеу жүргізуді бастау
Жетісу облысы

Мобильді ақша аударымдарының қандай санаттары тексеру критерийлеріне жатады?

Көпшілікті мазалаған сұраққа жауап беру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының нормаларына сәйкес әр түрлі
Жаңалықтар

Алматы облысында «AMANAT» партиясының үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Алматы облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Іле аудандық филиалы жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

1 сәуір мен 31 тамыз аралығында білім мекемелеріне 2025-2026 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының орта білім беруді дамыту бөлмінің бас маманы Ақмарал Атенбекова
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *