ЖаңалықтарЖетісу облысы

Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры болды.

«Жаңа ғасыр» театрының  әртістері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясында Асанәлі Әшімұлының шеберханасын 2018 жылы тәмамдаған әртістерден құралған.

Талдықорғанға үш күндік сапармен келген өнер ұжымы күні кеше көрерменге ақын, драматург Бақыт Беделханның «Тағдыр тақтасы» қойылымын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

Тағдыр тақтасы – маңдайдағы жазу. Асанәлі Әшімұлы өмір дерегіне негізделген аталмыш қойылым сахнасы шахмат тақтасымен безендірілді. Ақ-қара жолақты тақтада актердің бозбала шағы көрініс табады. Асанәлі  Әшімұлының анасы, жары Майра Айманова, қос ұлы Сағи мен Мәди суреттері, уақыт желі үйіріп әкеткен тұлғалар талай көрерменнің көзіне жас келтірді. Қойылымның мақсаты да осы. Алып тұлғаны басқа қырынан көрсету.

Спектакль соңында сахнаға Асанәлі Әшімұлының өзі шығып,  «Жан балам» әнін шырқап залда жиналған қауымға бір ауыз жылы лебізін білдірді.

Шараға қатысқан Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов өңір басшысының атынан Халық әртісі Асанәлі Әшімовке жылы лебізін білдіріп,  сый-сияпат табыс етті.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін бақылауға 13 мобильді топ құрылды

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау
Жетісу облысы

Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, Жетісу тумасы Мәулен Мамыров дауыс берді

Жетісу облысының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров бүгінгі тарихи сәтке куә болып, дауыс берушілердің қатарынан табылды.
Жетісу облысы

Жетісу облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Бүгінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Оның алдын алу үшін Жетісу облысында республикалық  маңызы  бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *