Жаңалықтар

Іле ауданында 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

Іле ауданында 20 ірі өндірістік орын бар, оның алтауы жүйе құраушы кәсіпорын. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,7%-ға өсіп, 741 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы аудан басшысы Қайыржан Жақсымбетов баспасөз-мәслихатында айтты.

Өткен жылы Іле ауданы үшін жемісті болды. Бірнеше өндіріс орындары есігін айқара ашты. Атап айтқанда, Байсерке ауылында «Galanz Bottlers» АҚ қоймалары іске қосылды, «ТК Газоблок» және «DSF Trading Co» құрылысы аяқталып, ашылу салтанаты 2025 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, былтыр негізгі капиталға 205,5 млрд.теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылға қарағанда 87,3%-ға өскен жайы бар.

«2024 — 2025 жылдарға құны 229,8 млрд.теңге болатын 64 шағын және орта инвестициялық жоба іске асырылады деген жоспар бар. Ауданның өнеркәсіп өндірісін нығайтып қана қоймай, шамамен алдағы уақытта 3,7 мың жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді»,-дейді аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов.

Өндірісі өркендеп, халқы жұмыспен қамтылған өңірде биыл ұзын-саны 16-ға жуық жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ екен.

«Ауданда 21 931 ШОБ субъект тіркеліп, 42651 астам тұрғынды жұмыспен қамтыды. 2024 жылы шағын және орта бизнестен бюджетке 281,2 млрд. теңге түсім түсті, 2023 жылмен салыстырғанда 46,5 млрд. теңгеге артық»,-деді аудан басшысы.

Айта кету керек, былтыр бірінші жарты жылдықта шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 598 млрд. теңгеге өнімдер шығарылған жайы бар. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 10%-ға көп.
Кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан қолдау қарын ала түспек. Біріңғай кешенді бағдарлама аясында ауданнан 120 кәсіпкер 22,8 млрд.тг соммасында қолдау тапса, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 37 азаматқа 54,6 млн. теңге мемлекеттік грант берілді.
Қазынаны кәсіпкерлік түсімге толтырған ауданда құрылыста қарқынды. Ендігі кезекте ауданда үш ауысымды мектеп санын азайтуға ден қойылып жатыр. Аймақта 42 мектеп болса, соның 17-і үш ауысымда білім береді. Көрсеткіш аса жоғары. Мұны төмендету үшін «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде1800 орынға арналған қос білім ұясы салынады деп күтілуде.

«Ақ жолтай хабардың бірі, Өтеген батыр ауылында заманауи перинаталды орталық пен бір күнде 250 келушіге арналған көп салалық емхана бой көтермек. Бүгінгі күні тиісті құжаттары әзірлену үстінде»,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынмен жүріп жатыр

Көксу ауданында ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және құрылыс салаларында жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 15 қыркүйектен бастап Көксу қант зауыты 2186 гектар алқаптан жиналған 210,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады.
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Жібек жолы ауылында кептеліс пен қауіпті өткел мәселесін шешті

Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.
Жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет шок толқынды терапия қолданылды

Бұрын соңды болмаған. Қазақстанда алғаш рет медицинада шок толқынды терапия қолданылды. Бұл инфаркт пен инсульттің алдын алады, - дейді мамандар. Жаңа әдісті арнайы аппараттың көмегімен қытайлық дәрігерлер ота жасау арқылы
Жаңалықтар

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *