Медицина

Жетісу облысы: биылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың екі жүзге жуық жағдайы тіркелген

Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция.

Ауру жасырын түрде басталады. Инфекция жұқтырғаннан бастап аурудың алғашқы белгілері бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте тез басталады.

Тұмауға тән белгілер:

  • дене қызуының жоғарлауы;
  • жөтел;
  • бас ауру;
  • әлсіздік;
  • бұлшық еттер мен буындардың ауруы;
  • тамақ пен мұрынның қабынуы.

Сырқаттанушылықтың көтерілуі қарашадан басталып, қаңтар, ақпан айларында шарықтау шегіне дейін жетеді.

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың эпидкезеңі қазан айынан басталды, қазір күнделікті (1 желтоқсаннан бастап), апталық мониторинг жүргізіліп, сырқаттанушылық бақылануда.

Облыс бойынша 2024-2025жж. эпидемиологиялық маусымда (40-8 апта аралығы) жіті респираторлық вирустық инфекцияның 100 мыңнан астам жағдайы тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,3 есеге төмен.  14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанушылықтың 68,4 құрайды.

Жалпы тұмау жұқпасының зертханалық жолмен дәлелденген 166 жағдайы тіркелді, оның ішінде А (А (H1N1) 09-pdm – 79, В — 90. Былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда тұмау жұқпасы 37 жағдайға жоғарылаған.

«Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация болып табылады.  Вакцинация, әсіресе, тұмаудың асқынуының даму қаупі жоғары топтағы адамдар үшін өте маңызды. Жетісу облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоспарланған тұрғындардың барлығы 100% қамтылды. Жалпы облыс халқының 12,6%», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Тұмауға қарсы арнайы иммундаудан басқа тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жоғарылау кезеңінде жұқпаның арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармауымыз керек. Мәселен:

  • халық тығыз орналасқан жерлерге бармау;
  • бетперде қолдану;
  • үй-жайларды жиі желдету, ылғалды тазалау;
  • түшкіріп, жөтелген кезде ауызды/мұрынды бет орамалмен жабу,
  • жеке бас гигиенасын сақтау (жиі қолды сабынмен жуу),
  • тиімді тамақтану, сұйық тағам молынан пайдалану, дәрумендер қолдану,
  • физикалық белсенділік.
Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда инвесторлар өз қаражаты есебінен заманауи онкологиялық орталық салады

Осыған орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы үш жақты меморандумға қол қойды. Өз сөзінде Бейбіт Исабаев өңірде жаңа онкологиялық орталық салу туралы тапсырманы Ел Президенті
Медицина

Сәулет Қапсаламова: Көкжөтел ауруының алдын алған жөн

​1.Көкжөтел дегеніміз не және ол кім үшін қауіпті? ​Көкжөтел – Bordetella Pertussis көкжөтел таяқшасы тудыратын жұқпалы ауру. Бұл тыныс алу жолдарына (негізінен трахея мен бронхтарға) әсер ететін жіті жұқпалы ауру.
Жетісу облысы

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте
Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *