Жаңалықтар

Талғарлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

Хирургиялық тәжірибеде бірінші кезектегі және екінші кезектегі немесе маңызды және маңызсыз жағдайлар жоқ. Әрбір жағдай әр адамның организмі сияқты ерекше. Тек тәжірибе мен хирургтың өз біліктілігін арттыруға деген талпынысы адам өміріндегі операцияларды кейде рутиналық әрекеттерге айналдырады. Бұл — Талғар хирургиялық қызметінің басты жетістігі, себебі дәрігерлер көмек көрсете алмайтын жағдайлар жоқтың қасы. Оның басты себебі ұйымдастыру деңгейі, тез арада әрекет ету және жылдам операциялық шешімдер қабылдау қабілетінің нәтижесі.

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен 1963 жылы туған науқас ауыр жағдайда, шамамен 10 күн бойы жалғасқан ішек бітелуінің белгілерімен жеткізілді. Қабылдауда мультидисциплинарлы түрде тексеріліп, ТМККБК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) аясында шұғыл операция жасау туралы шешім қабылданды. Алдын ала диагнозы: жіңішке ішектің бітелуі.

Операция кезінде пациенттен обтурациялық жіңішке ішектің бітелуі, жіңішке ішектің некрозды бөлігі және холецисто-дуоденальды свищ анықталды.

Науқас Оңтүстік Қазақстан облысынан екендігін және Талғар аудандық ауруханасына түскенге дейін оңтүстік аймақтағы клиникалардың бірінде стационарлық ем қабылдағанын айтты. Туыстарының сөзінше, пациенттің жалпы жағдайы нашарлап, олар оны Талғардағы ұлына алып келген.

Операцияны тәжірибелі хирург Тастанқұлов Қуаныш Ерболатұлы жүргізді, оған көмек көрсеткендер: Кокриков Рустам Смаилұлы, Абдрешит Алихан Мұратұлы, анестезиолог Галиева Зухра Турсуновна, операция медбикесі Елімбакиева Венера Тельманқызы, бас дәрігердің орынбасары Есенәлиев Ғалымжан Камқабайұлы және хирургиялық бөлім меңгерушісі Нұрлан Ыдырысұлы. Операция барысында лапаротомия, энтеротомия жасалып, безуар алынды, ішек некрозының бөлігіне резекция жасалып, ішек арасына энтеро-энтероанастомоз қойылды, сондай-ақ санация жасалды және құрсақ қуысына дренаж жүргізілді.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, динамикалық түрде жақсарып келеді.

Мұндай жағдай — өт тасы ауруының сирек асқынуы болып есептелетінін көпшілік біле бермейді және барлық өткір ішек бітелуінің 0,3-2,1%-ын құрайды. Зерттеу нәтижелерінің нақты болмауы және мұндай жағдайлардың хирургтар тәжірибесінде сирек кездесетіндігі аталған ауруды диагностикалаудағы негізгі қиындықтар болып есептеледі. Уақытылы диагноз қою және емдеу, сондай-ақ асқынудың алдын алу үшін хирургтардың осы патология туралы білімін арттыру қажет. Дегенмен, пациенттер үшін ең маңыздысы — өт тасы ауруы анықталған жағдайда уақытылы өт қабын алып тастау, атап айтқанда лапароскопиялық холецистэктомия — бұл ауруды емдеудің «алтын стандарты».

Бұл жағдайда Талғар аудандық ауруханасының тәжірибелі дәрігер-хирургтері мен операциялық бригаданың барлық мүшелері науқастың ауыр жағдайда болғанына қарамастан денсаулығын қалыпқа келтіріп, осындай операциялар кезінде пайда болатын асқынулардың алдын алды.

Аурухананың баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Оқушыларға МӘМС жүйесі туралы кеңінен түсіндірілді

Медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда
Жаңалықтар

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне
Жаңалықтар

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі артуда

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Серікпайұлы баяндады. Өңірдегі жемқорлыққа қарсы басты құралдардың
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *