Жаңалықтар

Қызамық: жұқпалы вирустық ауру

Қызамық қалай беріледі? Қызамық тек адамнан адамға, ауа тамшылары арқылы беріледі. Мысалы, вирустар жөтелгенде немесе түшкіргенде ауаға кішкене тамшылармен бөлінеді және тыныс алу кезінде адамдардың жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарына енуі мүмкін.

Клиникалық белгілері: Балаларда бұл ауру әдетте жеңіл өтеді, бөртпе, дене дене қызуының көтерілуі (<39°C), жүрек айнуы және жеңіл конъюнктивит сияқты белгілермен бірге жүреді. Бөртпе 1-3 күнге созылады және әдетте бет пен мойыннан басталады, содан кейін денеден төмен қарай дамиды. 75-90% жағдайда бөртпе аурудың бірінші күнінде, алдымен бет пен мойында, құлақтың артында, шаштың астында пайда болады. Бір күнде бөртпе алақан мен табаннан басқа терінің әртүрлі аймақтарын жабады. Әсіресе, бөкседегі, арқадағы, аяқ-қолдардың бүгілетін жерлеріне бөртпелер шығады, сирек жағдайларда ауыз қуысының шырышты қабатында аз мөлшерде ұсақ энантема (Форхейм дақтары) анықталады.

Ең тән клиникалық белгі-құлақтың артындағы және мойын аймағындағы лимфа түйіндерінің ісінуі. Инфекция жұқтырған ересектерде, көбінесе әйелдерде, буын ауруы бар артрит дамуы мүмкін, ол әдетте 3-10 күнге созылады. Қызамықпен ауырғандарда өмір бойына иммунитет қалыптасады.

Әйел жүктіліктің басында қызамық вирусын жұқтырған кезде, вирустың ұрыққа берілу ықтималдығы 90%. Жүктілік кезіндегі қызамық, әсіресе бірінші триместрде, түсік тастауға, ұрықтың өліміне, өлі туылуға немесе нәрестеде туа біткен қызамық синдромы деп аталатын туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін.

Туа біткен қызамық синдромы бар балалар есту қабілетінің бұзылуынан, көздің ақауларынан, жүрек ақауларынан және аутизм, қант диабеті және қалқанша безінің дисфункциясын қоса алғанда, мүгедектіктің басқа түрлерінен зардап шегуі мүмкін. Мұндай денсаулық бұзылыстарының көпшілігі қымбат терапияны, хирургиялық операцияларды және басқа да қымбат медициналық көмек түрлерін қажет етеді.

Тәуекел тобына кімдер кіреді? Қызамыққа қарсы жасына сәйкес толық екпесін алмаған немесе бұрын аурумен ауырмаған кез келген адам қызамықты жұқтыруы мүмкін. Ересектерде қызамық ауыр болады. Егер жүкті әйел қызамықты жұқтырса, инфекция болашақ бала үшін өте қауіпті.

Қызамықтың асқынулары: қызамықта асқыну жиі тіркелмейді, әдетте бактериялық инфекцияның қосылуы нәтижесінде пайда болады. Көбінесе олардың арасында қайталама пневмония, тамақ ауруы, отит бар. Кейде артрит, тромбоцитопениялық пурпура аурудың асқынуына алып келеді. Қызамық жүкті әйелдерде дамыған жағдайда үлкен қауіп төндіреді. Инфекция ананың денесіне айтарлықтай әсер етпейді, бірақ ұрыққа өте жағымсыз әсер етеді: туа біткен ақаулардан бастап жатырішілік өлімге дейін. Ақаулардың пайда болу ықтималдығы қызамықты жұқтырған әйелдің жүктілік мерзіміне тікелей байланысты. Бұндай қауіп  туа біткен қызамықтың пайда болуынада қатысты байқалады: жүктіліктің 3-4 аптасында ауырған аналарда нәресте патологиясының қаупі 60% құрайды, 13-14 аптадан кейін әйел зардап шеккенде – 7% дейін төмендейді.

Қызамықты емдеу: әдетте, қызамықты амбулаториялық жағдайда емдеуге болады, ауруханаға жатқызу қауіпті асқынулар дамыған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Алдын алу: Қызамықтың ең тиімді алдын алу жолы — вакцинация. Аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындарды вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Вакцинацияланбаған тұрғындардың пайызының төмендеуі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызамыққа қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіледі.

Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз ауырып қалса:

  • шұғыл медициналық көмекке жүгіну;
  • емханаға өз бетінше бармай, дәрігерді үйге шақыру;
  • дәрігер келгенге дейін туыстармен, таныстармен байланысты азайту;
  • жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жауып, қолды сабынмен және сумен жиі жуыңыз;
  • тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолдану (бетперде);
  • өзін өзі емдеуге жол бермеу қажет.

 

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы
Жаңалықтар

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында
Жаңалықтар

Қапшағай жағалауында жас суретшілер байқауы өтті

Ашық аспан астында жас қылқалам шеберлері бас қосты.   Қапшағай көлі жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл елім - жанға сая» атты сурет байқауы өтті. Шараға Қонаевтағы «Asyl» өнер мектебінің
Жаңалықтар

Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5%

Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *