Жаңалықтар

Алматы облысында отандық өндіріс өркендеп тұр

Еліміз бойынша ең іргелі жарық шамдарын шығаратын «Kaz Tek Invest» зауыты Жамбыл ауданында кереге жайған.

Құрылғанына 13 жылдың жүзі болған өндіріс ошағында 150-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Көпті тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында 100 түрлі жарық диотты шамдар шығарылады.
Зауыттың тасын өрге домалауы жұмысшылардың адал еңбегінің арқасы. Олар тапсырыстардың көлеміне қарай, екі ауысыммен еңбек етеді. Кәсіпорын басшылығы да қызметкерлерге барынша жағдай жасауға тырысқан. Өндіріс ошағының жанында жұмысшылар үшін 50 орындық жатақхана да бар.

Көше шамдарынан бөлек, мектеп парталары, орындықтар мен өрт сөндіру бөлімдеріне, медициналық мекемелерге арналған жабдықтар мен төсектер жасалынады. Ұзын-саны, алып зауыттан, 400 түрлі өнім өндіріледі. Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Ондағы қолданыстағы құрылғылар жоғары сапалы. Мұндағы станоктар Германия, Жапония, Қытай, Тайвань, АҚШ-тан алынған.

« Біздің өнімдер тек ішкі нарықты емес, сонымен қатар сыртқы нарыққа да шығарылады. Тек қана шамдар өндірмейміз, құрылысқа керекті бұрандаларға дейін шығарамыз. Жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіреміз. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 300-ге жеткізу көзделген»,-дейді «Kaz Tek Invest» зауытының инженері Азамат Хайруллаев.

«Kaz Tek Invest» шығаратын заттар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Швецарияға, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Латын Америкасына дейін алты құрлық асып жөнелтіледі. Осылайша, Алматы облысында шыққан өнім, мұхит асып таралып жатыр. Қазынаны пайдаға кенелтіп, отандық өндірісті өрге сүйреп оты

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын
Жаңалықтар

Алматы облысында «AMANAT» партиясының үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Алматы облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Іле аудандық филиалы жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Жаңалықтар

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылуда

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *