ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды

2025 жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты Жетісу облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою тәуекелдерін төмендету бойынша кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Облыста жағдайды бақылау үшін 3 098 адам мен 529 техника бірлігінен тұратын өңірлік күштер мен құралдар тобы құрылды.

Наурыз айынан бастап тұрғындардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын тексеру бойынша комиссиялық тексерістер жүргізілуде. Олар 27 тармақтан тұратын «Ескерту» үлгісі негізінде өткізіледі. Бұл тексерістерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техника мен жабдықтардың жай-күйі, сумен жабдықтау, құрғақ өсімдіктерден аумақтарды тазарту және басқа да алдын алу шаралары қарастырылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 49 өрт бекетінің күштері мен құралдарын жұмылдыруды жоспарларына енгізді. Бұл бекеттердің қарамағында 7 өрт сөндіру көлігі бар.

Құрылған өрт бекеттері жалпы халқы 154 мыңнан асатын 159 ауылдық елді мекенді өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аталған жоспарға сәйкес, Алакөл ауданының Лепсі ауылы мен Қаратал ауданының Ақжар ауылында екі өрт бекетін құру қарастырылған.

Биыл орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыстық бюджеттен 780 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат өртке қарсы жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық аясында кешенді алдын алу және сақтық шаралары қабылданды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Ауданға жалпы 19,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 8230 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сумен жабдықтау және газдандыру жобасы аясында газға 12 ауыл қосылды. Қалған елді мекендерді газдандыру 2025
Жаңалықтар

Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

Алматы облысының медициналық мекемелерінің мамандары Ұлыбритания астанасы Лондоннан, Тұманды Альбионнан оралды, онда дәрігерлер бірнеше күн бойы біліктіліктерін арттырды. Делегация Ұлыбританияның алғашқы медициналық көмек саласындағы сарапшыларының презентацияларына қатысып, елдің денсаулық сақтау
Жаңалықтар

Жетісу облысы соттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға 124 млн теңге айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық соттардың 2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының судьялары қатысты. 2024 жылы
Жетісу облысы

Жетісуда МӘМС жүйесі бойынша 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан қордың мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасына үнемі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *