Жаңалықтар

«TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам  адам қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізудің Жол картасы негізінде ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Наурыз айының 15-ші жұлдызынан бастап, облыс аумағында «TazaLike» сенбілігі өтіп, 25 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы Алматы облысы экология департаменті басшысының  орынбасары  Бахытжан  Молдахметов айтты.

Сенбілік нәтижесінде 384 835,5 га жер қоқыстан тазартылып, 1 358 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Аталған тазалық жұмыстарына 309 бірлік техника жұмылдырылған екен.

 

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны облыстағы барлық аудан-қалада өткізіліп келеді. Басты мақсат- заңссыз қоқыс үйінділерін анықтап, оларды жинау, өзен бойын күл-қоқыстан тазарту. Тазалық шарасына 25 338 адам қатысса, оның 9 697-і мемлекеттік қыметкерлер, 1895 ерікті мен 13 746 тұрғын сенбілкті өткізуге өз үлестерін қосты»-,дейді Алматы облысы экология департаменті басшысының  орынбасары  Бахытжан  Молдахметов.

 

Айта кетейік, экологиялық акция өткізудің Жол картасы негізінде Алматы облысында кешенді бағдарламасы әзірленген.

 

«Наурыз айының жиырмасынан сәуір айының аяғына дейін 1 ай көлемінде облыста  «Таза қала», «Таза кәсіп», «Таза жағалау» сынды  экологиялық шаралар іске асырылады. Бұның барлығы Жол картасына сай әзірленген»,-деді  Алматы облысы бойынша экологиялық инспектор  Асхат Алмабеков.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

День NU в Назарбаев Интеллектуальной школе Талдыкорган: Профориентация и Возможности для Будущего

В Назарбаев Интеллектуальной школе города Талдыкорган прошел День NU, который собрал более 200 учеников и их родителей на уникальное профориентационное мероприятие. В этом событии также приняли участие учащиеся общеобразовательных школ
Жаңалықтар

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау
Жаңалықтар

Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өнімдері туралы не білуіміз керек?

Шырындар – көбісі ұнататын жазғы сусындар. Біреулер оларды иммунитетті күшейтетін және дәрумендермен қанықтыратын пайдалы тағамдарға жатқызады, ал біреулер құрамында қант тым көп болғандықтан, мүлде бас тартуға шешім қабылдайды. Қайсысы шындық,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *