Жаңалықтар

Алматы облысында былтыр 6 мың гектардан астам орман алқабын өрт шалған

Өңірде ауа температурасының жоғарылауына байланысты өткен аптада ғана құрғақ шөп пен қамыстың өртеніп, 26 оқиға тіркелді.Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Самат Кенжеханұлы айтты.

 

Облыс аумағының 3,2 миллион гектарын мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын аумақтар алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары орманды жерлер. 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 19 өрт тіркелді, өрт аумағы 6083 га, өрттен келген шығын 5 млн 805 мың теңгені құрады.

 

«Құрғақ шөптің өртенуіне әкеп соққан Өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 24 жеке және заңды тұлға 1 млн 449 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деді спикер.

 

Ресми деректерге  сүйенсек, көктемгі-жазғы уақытта болатын өрттердің 90 пайыздан астамының себебі құрғақ шөпті жағу, ғимараттар маңындағы қоқыстарды жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарының тасталуы, балалардың отпен ойнауынан орын алады екен.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім грантын тағайындауға үміткерлер арасында конкурс жариялағанын хабарлады

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек конкурс, оқу процесінің ерекшеліктері және мектепте білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Баспасөз-мәслихаты
Жаңалықтар

Жетісу облысында «Робот-сот орындаушы» жобасының нәтижесінде 24 млн теңге үнемделді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту қарқынды жүзеге асырылуда. Әділет министрлігі «Digital Justice» жобалары аясында халыққа заң көмегін көрсету сапасын арттыру үшін бірқатар жаңа
Жаңалықтар

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне
Жаңалықтар

МӘМС арқылы қажетті дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Бұл сұраққа "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының өкілдері жауап берді. Тегін дәрі-дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *