Жаңалықтар

Аманаттықтар әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын талқылады

Алматы облысында «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысына тоқталды.

Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 3 дағдарыс орталығы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарының іске асу барысы қаралды.

Жиынға облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ержан Ділдәұлы қатысып, тиісті баяндама жасады.

Сонымен қатар, кеңес құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді. Кеңес мүшелері барлық ұсынылған мәселелерді бірауыздан қолдады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы
Жаңалықтар

Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

Алматы облысының медициналық мекемелерінің мамандары Ұлыбритания астанасы Лондоннан, Тұманды Альбионнан оралды, онда дәрігерлер бірнеше күн бойы біліктіліктерін арттырды. Делегация Ұлыбританияның алғашқы медициналық көмек саласындағы сарапшыларының презентацияларына қатысып, елдің денсаулық сақтау
Жаңалықтар

Текелі қаласы белсенді дамуын жалғастыруда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Текелі қаласының жұмыс нәтижелері жарияланып, негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар талқыланды. Текелі қаласының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 26,2 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 12,3 млрд теңге
Жаңалықтар

Биыл Жетісуда спортты дамытуға 21,8 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 1099 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы бұл салаға 21,8 млрд теңге бөліну жоспарланған. Облыста әртүрлі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *