ЖаңалықтарМедицина

Қызылша және алдын алу шаралары

Қызылша (лат. morbillі) – жоғары жұқпалылық деңгейі бар жедел вирустық инфекциялық ауру, оның қоздырғышы – қызылша вирусы. Бұл ауру 40,5°C-қа дейінгіжоғарытемпературамен, ауызқуысы мен жоғарғытынысалужолдарыныңшырыштықабығыныңқабынуымен, конъюнктивитпен,денедегідақтытерібөртпесіменжәнеинтоксикацияменсипатталады.

Жетісу облысы бойынша жыл басынан сырқаттанушылық тіркелген жоқ, бірақ республикадағы жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Жұғу жолдары: Қызылша ауа-тамшы жолымен таралады, вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлінеді. Қызылша – әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Жұққыштығы 90%-ды құрайды, яғни науқас адаммен байланыста болған 10 адамның 9-ы бұл вирусты жұқтыруы мүмкін.Жұқтырған сәттен бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейін 9-17 күн өтеді. Осы кезеңде адам ешқандай белгілер байқамаса да, айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін. Ауру жіті басталып, тұмау немесе басқа тыныс алу жолдарының инфекциялары сияқты көрінуі мүмкін.

Қызылшаның алғашқы кезеңдегі жалпы белгілер:38-39°C дейін қызба,мұрыннан су ағу,құрғақ жөтел,көздің шырышты қабығының қызаруы,конъюнктивит,әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі.

«Көбіне қызылша ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сілекей тамшыларымен ауаға шығып, онда 2 сағатқа дейін белсенді күйде сақталады.Қызылшаның арнайы емі жоқ. Медициналық көмек науқастың жағдайын жеңілдетуге, белгілерін азайтуға және асқынулардың алдын алуға бағытталады»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Қызылшаның алдын алу:Қызылшадан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Аурудың таралуын болдырмау үшін халықтың жоғары деңгейде вакцинациямен қамтылуы қажет. Балаларды вакцинациялау деңгейінің төмендеуі қызылшаның өршуіне әкелуі мүмкін. Қазақстандағы Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, балаларға қызылшаға қарсы вакцинация 12-15 айында және 6 жасында жүргізіледі.

Shares:

Related Posts

Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік
Жаңалықтар

Талдықорған авиациясы өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуда

2025 жылға дайындық қарқынды жүріп жатыр: штат 93%-ға толықтырылды, қызметкерлерді даярлау, жабдықтар мен көліктерді дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа техника сатып алынды. Сондай-ақ, әуе патрульдеуге 2-4 класты тікұшақ бөлініп, 150 сағаттық
Жаңалықтар

Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *