ЖаңалықтарЖетісу облысы

Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған.

Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістіктің ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табады.

Уақытты босқа өткізбей, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Көмекке бірден капитан Азамат Қазыбаев пен Елдар Амангельдин, және аға лейтенант Жанатбек Ахметов келген. Полицейлер жедел әрекет етіп, зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жас жігітті дәрігерлерге табыстаған. Қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологының айтуынша, полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуі жас жігіттің өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарған.

Айта кетейік, полиция капитаны Азамат Қазыбаев бұған дейін де батылдық танытқан. 2011 жылы ол Жапония мен Оңтүстік Корея делегациясын тасымалдаған автобусты «Ақ-Бұлақ» кешеніне қарай алып бара жатқан. Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 13-шақырымында қарсы бағытқа «Subaru Impreza» автокөлігі шығып кетіп, автобусқа соғылу қаупі туындаған. Сол кезде капитан Қазыбаев өз патрульдік көлігімен жолды жауып, соққыны өзіне қабылдап, үлкен апаттың алдын алған. Осы ерлігі үшін ол Мемлекет басшысының жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Жетісу облысының Полиция департаменті бей-жай қарамай, азаматты құтқаруға көмектескен тұрғынға алғыс білдіреді және төтенше жағдайларда жедел әрекет етудің маңыздылығын еске салады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өңірде 1746 жас мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың қатарына жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. 18 бен 27 жас
Жетісу облысы

Көксу ауданында қылмыс деңгейі 16%-ға төмендеді

2024 жылы құқықбұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайып, 200-ден 168-ге дейін төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 82,8%-ды құрады. Бұл туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ернар Қалтаев пен оның
News

Көксулық батыр аналар дауыс берді

Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. «Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай,
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *