Жаңалықтар

Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Аймақтағы спорт деңгейін көтеру – тұрғындар мен жастардың қолында. Осы орайда ұйымдастырушылар «Алатау лигасы» жастардың рухын көтеріп, олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашады деген сенімде. Сондықтан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы арқылы аймақтың спорттық деңгейін арттыруға ықпал ететін бұл ауқымды жоба өңірдегі маңызды шаралардың біріне айналды.

Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы Айбол Тінәліұлы Құлбаев былтырғы маусымды ұйымдастыру барысында бірқатар олқылықтардың болғанын жасырмады. Дегенмен, олардың шешу жолдары қарастырылып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Алатау лигасы» – кәсіби спортшыларға емес, 14 жастан 35 жасқа дейінгі кез келген азаматқа арналған. Бұл ауқымды жоба Қазақстан бойынша тек біздің облыста ғана жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан басты мақсатымыз – қарапайым халықты спорттың әр түріне бейімдеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бұқаралық спортты дамыта отырып, еліміздің атын әлемдік аренада танытатын мықты спортшыларды тәрбиелеп шығару, – деді Айбол Тінәліұлы.

Сонымен қатар, ол «Алатау лигасының» 2025 жылғы маусымына жаңа спорт түрі – үстел теннисі қосылғанын айтты. Ережеге сәйкес, әр командада негізгі құрамда 2 ойыншы болуы тиіс: 1 ер адам және 1 әйел адам. Ал қосалқы тізімге тағы 3 адамды (2 ер және 1 әйел) қосуға болады.

Айта кетейік, 2024 жылы бастау алған «Алатау лигасы» – Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Лига футбол, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерін қамтиды.

Еске салсақ, өткен маусымда лига аясында Алматы облысы бойынша әр ауылдық округте 140 спорт командасы құрылған. Нәтижесінде 318 команда дайындалды. Өңір тұрғындарының спортты белсенді қолға алуының нәтижесінде спортпен айналысатын халықтың үлесі 39%-дан 41,4%-ға артты.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520 интернет-ресурс бұғатталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қайсаров 2025 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жария етті. Есірткіге тәуелділерден
Жаңалықтар

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы
Жаңалықтар

Жетісуда Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде

Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік
Жаңалықтар

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *