Жаңалықтар

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы қарқын алуда

Алматы облысында оқушыларға қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазіргі таңда өңірдің 5 ауданында жалпы саны 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталған. Бұл – еліміздің білім беру инфрақұрылымын жаңартудағы маңызды қадамдардың бірі.

2024 жылы Алматы облысында 11 100 орындық 9 жаңа мектеп іске қосылып, облыстық білім басқармасының теңгеріміне берілген болатын. Жаңа мектептердің ашылуының арқасында үш ауысымда білім беретін мектептер саны 53-тен 32-ге дейін қысқарған.

— Жаңа оқу орындары заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Әрбір мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу және тәрбие іс-шаралары үшін акт залы, медиатека мен электронды кітапхана да қолданысқа берілген. Мектептердің инфрақұрылымы да назардан тыс қалмай, жаңа автобус маршруттары мен аялдамалар салынды, — деді Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлы.

Жаңа мектептерде бүгінде 10 921 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа қабылданған.

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуы мен ұстаздардың тиімді еңбек етуі үшін жасалып жатқан маңызды бастама.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

1 сәуір мен 31 тамыз аралығында білім мекемелеріне 2025-2026 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының орта білім беруді дамыту бөлмінің бас маманы Ақмарал Атенбекова
Жаңалықтар

Түрмелер «есірткі таратушыларға» толы

Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Эмиль Шарменев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. «Неліктен біз жас буын қалташыларды түрмеден босатқымыз келеді? Өйткені олар
Жаңалықтар

Талғар неонотологтарының біліктіліктері жоғары деңгейде

Жыл сайын жер бетінде шамамен 15 миллион бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді, яғни әр 10-шы бала уақытынан ерте туады. Әлемнің әр бұрышындағыдай, Талғарда да мұндай мәселе бар. Мысалы, Талғар аудандық
Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

  Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *