Жаңалықтар

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы іске қосылады

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тендер өткізіліп нәтижесі бойынша 49 жыл мерзімге «Хабель» ЖШС компаниясына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.

— Жеке инвестиция көлемі 23,6 миллиард теңгені құрап, 150 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланып отыр. 5 жыл ішінде бөгетті нығайту, техникалық сараптама жүргізу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау және қалпына келтіру шаралары жасалынатын болады – дейді Алматы облысы қаржы басқарма басшысының орынбасары Анар Ақшолақова.

Сонымен қатар, жоба нысанның инженерлік сенімділігін арттырумен қатар, туристік ағынды ұлғайтуға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер береді. Яғни, телекоммуникациялық мұнаралар орнату, қоғамдық тамақтану пункттерін ашу және модульдік тұрғын үйлер салу жоспарланған.

— Жоба аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды «Есік көлі» аумағында табиғатпен үйлескен заманауи экотуристік орта қалыптастыру – негізгі мақсаттың бірі. Бұл ретте, экологиялық туризм, мәдени-танымдық іс-шаралар, заманауи инфрақұрылым, бір-бірімен үйлестіріледі, — деді Әділжан Хабиев.

Оның айтуынша, 1998 жылдан бері «Есік көлі» тазартылмаған. Экологиялық тазарту және селден қорғау инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 11,4 млрд теңге бағытталады.

Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
Аталған жоба нысанның инженерлік сенімділігін күшейтіп қана қоймай, аймаққа туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым Есік көлінің тартымдылығын арттырып, өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық
Жаңалықтар

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.   Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз
Жаңалықтар

На связи с NIS – Малайзия

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган в онлайн формате встретились со своими сверстниками из малазийской школы «La Salle School» города Куала-Лумпур. Встреча была организована библиотекарями Интеллектуальной школы. В ходе онлайн
News

NIS Қытайдың жетекші университетімен меморандумға қол қойды: түлектерге шәкіртақы беріледі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты. Ынтымақтастық туралы меморандумға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *