Жаңалықтар

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы облысында да сәтті жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Anti-Fraud» жүйесі арқылы тек Алматы облысында соңғы үш айда 40 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталған. Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Қуаныш Сайлауханның айтуынша, бұл өз кезегінде тұрғындардың алаяқтың құрбанына айналудың алдын алуға ықпал еткен.

— Егер азамат алаяқтардың арбауына түсіп, дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінсе және тиісті мәліметтерді ұсынса, жүйе арқылы есепшоттарға дереу бұғат қойылады. Бұл қаражаттың ұрлануына жол бермей, оны иесіне қайтаруға мүмкіндік береді, — дейді Қуаныш Сайлаухан ресми мәлімдемесінде.

Бүгінде аймақта интернет алаяқтықтың үш түрі кеңінен таралған яғни, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, интернет-дүкендердің атын жамылып алаяқтық жасайды, жалған инвестициялық жобаларға қатыстыру арқылы азаматтарды қаржысынан айырады.

— Қазіргі уақытта интернет алаяқтарының айласы күн сайын өзгеруде, ең маңыздысы — сақтық пен сауаттылық. «Anti-Fraud» секілді жүйелер қауіптің алдын алуға арналған құрал болса, оны тиімді пайдалану әр азаматтың жауапкершілігі. Алаяқтарға алданбау үшін қарапайым ережелерді ескеріп, күмәнді жағдай туындағанда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Себебі әрбір минут маңызды, -деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы  Жарқын Есжанов.

Еске саламыз, жыл басынан 110 киберқылмыс тіркеліп, оның 101-і сотқа жіберілді. Сәйкесінше, қылмысты ашу деңгейі 53 пайызға жеткен.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық
Жаңалықтар

 Алматы облысы: «109» бірыңғай  байланыс орталығы жасанды интеллекті қолданатын болады

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның толық цифрландырылуы мен жасанды интеллектінің жедел дамуын стратегиялық міндет ретінде айқындады. Осы бағытта Алматы облысында цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша
Жаңалықтар

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *