Жаңалықтар

Қонаевта аяғында талай жыл ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Осы Қонаев қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда емханада травмотология бөлімінде №3 палатада жатырмын. Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. Магниттік-резонанстық томографияға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады. Ай сайын жарна төлеп отырған соң бәрі тегін болды», — дейді науқас Бақыт Ахметжанова.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті. Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.

«Ересектермен қатар, балалар арасында жарақат алу жағдайлары көп кездеседі. Жаз мезігілінде кез-келген баланың далада уақытын жиі өткізетіні белгілі. Ойын кезінде жарақаттануы оңай. Сондықтан ата-аналарға жеткіншектерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз», — дейді дәрігер-травматолог Камиль Жалалов.

Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін. Бұл тұрғыда медицина мамандарының ақпарынша, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

  Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты . Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік
Жаңалықтар

Ұйғыр ауданында ауылдардың инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды

Ұйғыр ауданында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы 2024 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылған негізгі жобалар туралы баяндама жасады. Брифинг барысында инфрақұрылымды дамыту, газдандыру, жол жөндеу, жарықтандыру
Жаңалықтар

Білімнің көкжиектері

«Даналық бейсенбі» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектерімен, қазіргі таңда Босфор университетінің студенттері Ернар Өмірзақовпен және Atlantic Flight Training Academy – ұшқыштар мектебінен Әнуар Рысбекпен кездесу өтті. Ернар
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы “Заңғар-2024”жастар сыйлығына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыстың дамуына үлес қосып, өз саласында озық шыққан жастарды марапаттау мақсатындағы бұл байқау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *