ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында жаңа оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды. Қабылдау 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов мәлімдеді.

Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Құжаттарды электронды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады. 1 сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балалар қабылданады.

Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жүргізіледі. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Атап өтейік, Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 5656 баланың құжаттары қабылданды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жетісу өңірінде «Еңбекпен ер атанған» көш керуені өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Соның аясында Жетісу облысындағы мәдениет саласының қызметкерлері еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, қоғамдағы рөлін көтеру, жастарды
Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,
Жетісу облысы

Қызылтастағы петроглифтердің қазіргі жағдайы

«Темір» карьеріне баратын грунттық жолды салу барысында жолдың бойында орналасқан археологиялық қорғандардың сақталуына қатер төңгені белгілі болды. Бірақ облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың араласуымен ескерткіштерге зиян тигізетін жұмыс түрлері
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда 

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 76 адамның құжаттары қабылданды, (жалпы сомасы 413 млн. 800 теңге.) Оның ішінде: ауылшаруашылығы бағытында 72 адам 386,1 млн теңге және 4 адамға басқа бағыттарда
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *