Жаңалықтар

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520 интернет-ресурс бұғатталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қайсаров 2025 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жария етті.

Есірткіге тәуелділерден бұрын, көл-көсір пайда табуды көздейтіндердің қатары көп. Өкініштісі, бұғанасы бекімеген бозбалалар да есірткі саудасымен айналысып, пайда табуға әуес болып жүр.
Ресми деректерге сүйенсек, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер сайттар мен әлеуметтік желілердегі көз тартар жарнамаларға сеніп, жұмыс істеуге келісім береді. Алайда олардың артында көлеңкелі әрекеттер — яғни, есірткіні жасырын тасымалдау мен сату – жатқанын аңғармайды. Нәтижесінде, тапқан табыстары темір торға апарар төте жолға айналып жатыр.
Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаровтың айтуынша, өңірде есірткі қылмысы белең алып тұр.

– Жыл басынан бері Алматы облысында есірткі қылмыстарына қарсы бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде 63 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде 30 қылмыстық іс және 33 есірткіге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Аталған шаралар аясында заңсыз айналымнан 937 келі 622 грамм есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, есірткі өндіруге арналған 4 жасырын зертхана анықталып, олардың қызметі тоқтатылды, – деді спикер.

Жоғарыда атап өткендей, есірткі саудасы бүгінде интернет-дүкендер мен сайттарда кеңінен таралған. Осыған байланысты жергілікті полиция департаменті «Кибернадзор» жүйесін іске қосты. Нәтижесінде, 520 интернет-ресурс бұғатталды.
Айта кетейік, 2025 жылдың I тоқсанында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында 171 профилактикалық іс-шара және мектеп оқушыларына арналған 100 дәріс ұйымдастырылды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

1 сәуір мен 31 тамыз аралығында білім мекемелеріне 2025-2026 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының орта білім беруді дамыту бөлмінің бас маманы Ақмарал Атенбекова
Жаңалықтар

Кербұлақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд теңгеге жетті

Биыл Кербұлақ ауданына 23 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Кербұлақ ауданында 10 айының қорытындысы бойынша 3810 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Нәтижесінде 5565
Жаңалықтар

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *