Жетісу облысыСаясат

Алакөлдіктер референдумға отбасымен келіп дауыс берді

Алакөл ауданы Достық ауылдық округіндегі №96 дауыс беру учаскесіне тіркелген Омаровтар әулеті референдумға отбасымен келді. Олар балаларымыздың келешегі үшін маңызды қадам жасау — әрбір азаматтың парызы дейді.
Әулеттің үлкені Ержан Омаровтар:
– Біз отбасымызбен теміржолда істейміз. Бүгін төрт көзіміз түгел әулетімізбен жиналып, бірлігімізді көрсетіп, дауыс беруге келдік, – деді.