Алматы облысы жастар ресурстық орталығының «Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобымен жұмыс» бөлімінің басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті Жұмахан Дидар Айдарұлы атқарады.
Мамандығы – заңгер. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі.
Еңбек жолын «YERKIN» өнер академиясының төрағасы қызметінен бастаған.
2020-2021 жылдары «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы Талдықорған жастар ресурстық орталығында, ал 2021-2022 жылдары «JasOtan» ЖҚ қызмет етті.
Бүгінге дейін «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобы мен жұмыс бөлімінің маманы болды.