Жаңалық

Алматы облысы — инвестиция үшін ең қолайлы өңірлердің бірі

Алматы облысы соңғы жылдары инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай артуымен ерекшеленіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев өңірдің даму қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, облысқа тартылған инвестиция көлемі жыл сайын тұрақты өсім көрсетуде. 2022 жылы негізгі капиталға құйылған инвестициялар мөлшері 613,9 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн 17,7 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылға жоспарланған көлем – 1 трлн 352 млрд теңге.

Әкімнің айтуынша, өңірге отандық және халықаралық деңгейдегі ірі компаниялардың келуі — инвесторлардың Алматы облысына деген сенімінің нақты көрсеткіші.

«Бүгінде еліміздегі ең ірі жобалар дәл осы өңірде іске асуда. Бұл — инвест климаттың дұрыс жолға қойылғанының айғағы. Біз үшін басты мақсат — бизнестің ашық, түсінікті және тиімді ортада жұмыс істеуіне жағдай жасау. Инвестор келсе, жаңа жұмыс орындары ашылады, ал бұл — өңір экономикасының тұрақты өсімі», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңірде іске асатын ірі жобалар

Қазіргі таңда Алматы облысында құны жоғары 35-тен астам ірі жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында:

  • логистикалық хабтар мен қойма кешендері,
  • өңдеу өндірісі нысандары,
  • агроөнеркәсіптік кешендер,
  • өңірлік сауда-логистикалық орталықтар бар.

2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған маңызды нысандардың қатарында:

  • Kusto Logistics,
  • MP Solution
  • Евразиялық логистикалық парк сияқты инфрақұрылымдық жобалар бар.

Бұл нысандар өңірдің көлік-логистика әлеуетін күшейтіп, жаңа инвесторлар үшін тиімді жағдай қалыптастырады.

13 индустриалды аймақ: толық инфрақұрылым — инвесторға дайын алаң

Инвесторларды қабылдауға арналған 13 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр. Солардың ішінде «Қайрат» индустриалды аймағы толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға толықтай дайын.

ШОБ өсімі — экономиканың тірегі

Шағын және орта бизнес те тұрақты дамуда. Қазіргі таңда өңірде 156 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл соңғы жылдары тіркелген тұрақты өсімнің нәтижесі.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы бойынша желілердің тозуы орта есеппен 13% — ға дейін төмендейді

«Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған бағдарлама нәтижесінде су құбыры, кәріз жылу желілері мен электрмен жабдықтары жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика
Жаңалық

Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

Уылдырық шашу мерзімі басталғандықтан, су маржандарын аулауға тыйым салынады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді. Климаттық өзгерістерге байланысты су
Жаңалық

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан
Жаңалық

Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды

Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасы бойынша білім беретін халықаралық мектептің грантының иегерлері атанды.