Жаңалықтар

Алматы облысында 200 балаға сыйлық табысталды

«Ziya» дамыту орталығының қолдауымен ерекше акция өтті

Алматы облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балаларға арналған «Қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияны ұйымдастыруға «Ziya» дамыту орталығының директоры Агзия Умиртаева үлкен қолдау көрсетті.

«Бұл акцияның басты мақсаты – балаларға жаңа жылдық қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жаңа жыл – сыйлықтар мен қуаныштың уақыты, сондықтан мұндай шараларға барынша атсалысуға тырысамыз», – деді Агзия Умиртаева іс-шара барысында.

Акция барысында 200 балаға жаңа жылдық тәттілерден тұратын сыйлықтар таратылды. Сыйлықтар Алматы облысының Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясындағы балалар үйіне, 58012 әскери бөліміндегі көп балалы отбасыларға және Қонаев қаласындағы көп балалы отбасыларға жеткізілді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мұндай қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қуаныш сыйла» акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатын болады.