Жаңалық

Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

Былтыр Алматы облысындағы   299 білім беру  ұйымына мемлекеттік  аттестаттау жүргізілді.Нәтижесінде, 35 мекеме алғаш рет аттестаттаудан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

 

Балаға білім беретін мекеменің біліктілік талаптары да тексерілді. Өткен жылы 26 мектеп қамтылған екен. Тексеру нәтижесінде 24 мектепте бұзушылықтар анықталып, әкімшілік іс қозғалды.

Алматы облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбайдың айтуынша, былтыр мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 101 өтініш қаралып, 12 мектепке бас лицензия, 11 мектепке лицензияға қосымша, колледждерге біліктілігі бойынша 2 лицензияға қосымша берілген.

Жалпы өтен жылы жеке және заңды тұлғалардан департаментке 270 өтініш келген екен.

«Департаменттің құзыреті шегінде 87 өтініш қаралды.5 шағым бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 4 тексеру барысында бұзушылықтар анықталып, тиісті нұсқамалар берілді»,-дейді спикер.

Ұрпақтың сауатын ашып, білімге жетелейтін ұлағатты ұстаздарда депаратменттің тескерісінен тыс қалмады.

2024 жылы Департамент жанындағы педагогикалық этика жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілген.  Оның қорытындысы бойынша 10 педагог тәртіптік жазаға тартылды.

«2024 жылы Департамент тарапынан білім беру ұйымдарына жалпы сомасы 18 млн теңгеден астам 120 әкімшілік шара қолданылды»-дейді департамент басшысы Ержан Сапарұлы.  

Алдағы уақытта бекітілген  кестеге сәйкес мемлекеттік бақылау мен тақырыптық мониторингтер жалғасын табады. Лицензиялау нормалары мен білім беру саласындағы заңнаманы сақтау бойынша шараларды күшейтіледі.

 

 

 

 

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында сел қаупі сейілді

  Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының
Жаңалық

Alatau Hub: Алматы облысындағы IT саласының дамуындағы жаңа кезең

2024 жылдың 15 мамырында Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев қаласында «Alatau Hub» өңірлік инновациялық орталығы ресми түрде іске қосылды. Хабтың ашылуы аясында еліміздегі ірі IT-компаниялардың көрмесі ұйымдастырылып, өңірдегі үздік
Жаңалық

Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады. Осы
Жаңалық

Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

Бұл туралы баспасөз-мәслихатында су жаңа телеарнаның басшылары мәлімдеді.   Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның жаңа басшысы Қымбат Хангельдина болса, бас