News

Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

 

Биылғы жылдың 2 қыркүйегінен бастап Алматы облысында ЮНИСЕФ-тің Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеуі (MICS) бастау алды. Бұл зерттеу әйелдер мен балалардың денсаулығы, білім деңгейі және өмір сүру жағдайларын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Дидар Төлеубекұлы мәлімдеді.

«MICS зерттеуі бізге әйелдер мен балалардың жағдайын тереңірек түсініп, олардың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Зерттеу барысында өңірдегі 1000-нан астам үй шаруашылығына сауалнама жүргізіледі. 29 қарашаға дейін жалғасатын зерттеу денсаулық сақтау, білім беру, санитария және балаларды дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтитын болады.
Зерттеу нәтижелері ЮНИСЕФ пен Ұлттық статистика бюросының ресми сайттарында жарияланады.