Жаңалықтар

Алматы  облысында «Мұз-2025» республикалық науқаны өтуде

Бұл туралы  Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы айтты.

Шараның мақсаты- жазатайым оқиғалардың, мұз үстінде адамдардың жарақат аулы мен өлімнің алдын алу. Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда тұрақты негізде балық аулау кезіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төтеншеліктердің ескертуіне қарамастан ережені ескермегендерде бар екен.

 

«Жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-дейді Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы.

 

Негізгі қағида бойынша, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, мұз үтсіне шыққанда ұзындығы 12 метр арқан, құтқару шильці және ысқырық пен құтқару кеудешесі болуы шарт.  Әр адам өз өміріне жауапты. Сондықтан ескертуді елемеу дұрыс емес.