Алматы облысында өрт қауіпсіздігін бақылауға 13 мобильді топ құрылды

Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко мәлімдеді.

Күн жылына бастағаннан бері өңірде құрғақ шөп жиі тұтанып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 134 гектар алқапта құрғақ шөптің жануы тіркелді.
Төтенше жағдайлар қызметі қызыл жалынның алдын алу үшін арнайы рейдтік шараларды жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде өрт қауіпсіздігін бақылауға 60 адамнан тұратын 13 мобильді топ құрылған.

«Мобильдік топтармен 39 бірлескен рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 452 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 42 елді мекеннің іргелес аумағы құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазартылды», – деді Александр Пархоменко.

Спикердің айтуынша, табиғи өрттерді ерте анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ, «Қазгидромет» РМК және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерімен келісімшарттар жасалған.
Бұл өз кезегінде өрттің ықтимал ошақтарына мониторинг жүргізуге және гидрометеорологиялық болжам алуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге саламыз, өрт қауіпті кезеңі 26 наурыздан бастап 1 қарашаға дейін жалғасады.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *