News

Алматы облысында туберкулез сырқаттанушылығы төмендеді

Өңірде эпидемилогиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау бөлімінің басшысы Эльмира Базарбаева мен балалар жөніндегі координаторы Жанар Буиенбаева баяндады.
Маманның айтуынша,жұқпалы аурудың таралуы 0,7 пайызға, өлім көрсеткіші 14,3% төмендеген. Былтыр амбулоториялық емге 506 науқас жіберілген.

Жалпы өңірде 14 бактериоскопия зеттеу орталықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар 8 G- Xpert құрылғысы бар. Оның 5-і 2 модульді және 3-і 4 модульді. Құрылғылар Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласының ауруханасында орналастырылған.

«Туберкулез анықталған жағдайда емдеудің толық курсынан өту қажет. Аурудың алдын-алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану қерек. Сонда иммундық жүйе нығая түседі. Уақытылы медициналық тексеруден өту кез-келген қауіптен сақтайды »,-деді Эльмира Базарбаева.

Брифинг барысында Жанар Буиенбаева балалар арасында сырқаттанушылық жағдайы тұрақты екенін атап айтты. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызды көрсетіп,бір деңгейде қалып отыр.

« Былтыр балаларда туберкулездің күрделі және ауыр түрлері кездескен жоқ. Дертті ерте сатыда анықтау шаралары тұрақты негізде жүзеге асуда. Нәтижесінде ауруға шалдыққан балалардың 80%-на уақтылы диагноз қойылып, емдеуді бастады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарды»,-деді Жанар Буиенбаева .

Жанар Буиенбаеваның сөзінше , туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы екпе болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады.