Алматы облысының әкімі брифинг барысында жедел жәрдем қызметінің жағдайына қатысты қойылған сауалға жауап берді. Әкімнің айтуынша, өңірде жедел жәрдем көліктерінің тозуы — бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі.
«Облыс бойынша 160-қа жуық жедел жәрдем автокөлігі бар, олардың 60 пайыздан астамы тозған. Бұл бағытта біз әрі жеке инвесторлармен, әрі бюджет мүмкіндіктері арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Барлық көлікті бірден бюджет есебінен жаңарту оңай емес. Сондықтан қазір лизинг тетігі арқылы 90 жаңа автокөлік алынып жатыр. Олар алдымен қажеттілігі жоғары ауылдарға бөлінеді», — деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірдегі ірі кәсіпорындардың да қолдауы бар. «Маревен Фуд» компаниясы жаз мезгілінде 10 автокөлікті сыйға тартқан. Бұл машиналар бүгінде толыққанды қызмет көрсетуде.



