Жаңалық

Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды

Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасы бойынша білім беретін халықаралық мектептің грантының иегерлері атанды.

Тестілеу қорытындысы Аңсар Сарқытбек пен Айша Назардың жоғары деңгейдегі дайындығын, айқын қабілеттерін және білімге деген зор құштарлығын көрсетті. Сарапшылар бұл гранттың оқушылардың табандылығы және жүйелі еңбегінің нәтижесінде берілгенін атап өтті.

Халықаралық грант иегерлері 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 4-сыныптың екінші жартыжылдығын Малайзиядағы халықаралық мектепте жалғастыратын болады. Оқушылардың оқу ақысы толық көлемде төленіп, барлық қажетті академиялық қолдау көрсетіледі.

Қуанышты жаңалықты мектеп ұжымы ыстық ықыласпен қабылдап, оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтады.

Шетелде білім алу жас дарындар үшін болашақтағы жетістіктерге бастар маңызды қадам болып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.

Аңсар мен Айшаның жеңісі — талғарлық оқушылардың білімге деген жоғары ұмтылысы мен әлеуетінің дәлелі. Педагогтер мен ата-аналар балалардың алдағы уақытта да жаңа биік белестерді бағындыратынына сенімі мол.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа
Жаңалық

Архивтегі революция: Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия
Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалық

Алматы облысында дәрігерлердің арқасында науқас қайта ести бастады

1962 жылы туған науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сол жақ құлағынан жиі ірің ағуы және естуінің төмендеуі жөнінде шағыммен жүгінген. Осындай ауру белгілері оны көптеген жылдар бойы мазалап келген. Жүргізілген